Уәлиханов аудандық ауруханасының бас дәрігері Лилия Федотова «Қарым-қатынастың тиімді әдістері» тақырыбындағы семинар — тренингке қатысты

Облыстық деңгейде алғаш рет Петропавл қаласының Психикалық сауықтыру орталығында медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне арналған бірегей оқыту семинары өтті, оған Уәлиханов аудандық ауруханасының бас дәрігері Лилия Федотова қатысты. 


Семинар тақырыбы: «Қарым — қатынастың тиімді әдістері: ақпарат берудің вербалды және вербалды емес әдістері». Қатысушылар пациенттермен және әріптестермен өзара әрекеттесуді айтарлықтай жақсартатын қарым — қатынас пен ақпарат алудың маңызды дағдыларын үйренді.

Семинар — тренинг ай сайын өткізілетін болады. Алдағы уақытта бағдарламаны кеңейту, оның ішінде бас дәрігерлердің орынбасарларын оқыту жоспарлануда.

 

15.08.2024
Қараулар: 83
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz