Актүйесай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Енді ауыл тұрғындары медициналық көмекті елді мекеннен шықпай-ақ, өз үйінің қасынан алуға мүмкіндік алды.
Жаңа ФАП 452 тұрғынды қамтиды, олардың ішінде:
🔹 15 жасқа дейінгі балалар — 119;
🔹 15–18 жас аралығындағы жасөспірімдер — 26;
🔹 1 жасқа дейінгі балалар — 4;
🔹 Бала туу жасындағы әйелдер — 73;
🔹 Еңбекке қабілетті халық — 228;
🔹 Диспансерлік есепте тұрғандар — 111;
🔹 Ересек мүгедектер — 13.
ФАП-тың ашылуы ауыл тұрғындары үшін бастапқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды. Енді тексерулер, кеңестер мен қажетті медициналық көмек ауыл тұрғындарына анағұрлым жақын әрі жедел көрсетілетін болады.

27.09.2025
Қараулар: 28
Қараулар: 28












