Жасқайрат және Қайрат ауылдарының мектептерінде денсаулық пен қауіпсіздік туралы дәрістер өтті

2025 жылғы 20 мамырда Уәлиханов аудандық ауруханасының психо-әлеуметтік көмек профилактикасы бөлімі Жасқайрат және Қайрат орта мектептерінде оқушыларға арналған ақпараттық дәрістер ұйымдастырды.

Жасқайрат орта мектебінде іс-шараға 1, 2, 4, 5, 7 және 9 сынып оқушылары қатысты. Қайрат орта мектебінде дәріс 5–9 сынып оқушыларына өткізілді.

Дәрістер келесі маңызды тақырыптарды қамтыды:
🔹 Жасөспірімдердегі стресстің алдын алу;
🔹 Мектеп жасындағы балалардың стоматологиялық ауруларының алдын алу;
🔹 Жаз мезгіліндегі балалар жарақатының алдын алу.

Дәрістерді Карибаев Берік Қосыманұлы жүргізді.

 

20.05.2025
Қараулар: 73
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz