«Денсаулық мектебі» жобасы аясында Уәлиханов аудандық ауруханасында «Қант диабеті» тақырыбында дәріс өтті.
Сабақты дәрігер Шахрух Иззатуллаұлы Ташполатов жүргізді. Ол ауруды емдеудің қазіргі тәсілдері, дәрі — дәрмектерді дұрыс қабылдау ережелері, қандағы қант деңгейін тұрақты бақылаудың маңызы және глюкометрді дұрыс қолдану жолдары туралы кеңінен түсіндірді.
Жеке назар тамақтану мәселелеріне аударылды: қандай өнімдерді шектеу қажет, қандай тағамдарды тұтыну ұсынылады және жағдайды тұрақты ұстап тұру үшін дұрыс тамақтану жоспарын қалай құруға болатыны айтылды. Сонымен қатар, дәрігер асқынуларды дер кезінде анықтау үшін тұрақты медициналық тексерулер мен зертханалық талдаулардан өту қажеттілігін еске салды.

25.09.2025
Қараулар: 37
Қараулар: 37












