Отбасы күні қарсаңында Уәлиханов ауданында тақырыптық апта өтті

Уәлиханов аудандық ауруханасы Отбасы күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Апта аясында отбасы институтын нығайтуға және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға бағытталған пайдалы бастамалар іске асырылды.

🔹 Репродуктивті денсаулық бойынша Ашық есік күні өткізіліп, аудан тұрғындары мамандардың кеңесін алып, тәжірибелік ұсыныстар алды.

🔹 Медициналық ұйым әлеуметтік желілердегі #Otbasym2025 жалпыұлттық челленджіне қосылды.

🔹 Спорттық бағдарлама аясында Кішкенекөл №3 мектеп-гимназиясында ата-аналар мен балалар арасында волейбол матчы ұйымдастырылды.

🔹 Аудан мектептерінде «Дені сау отбасы – дені сау ел» тақырыбында дәрістер мен әңгімелер өткізілді. Осындай кездесулер медициналық консультациялар кезінде де жалғасын тапты.

🔹 Апта бойы аурухана холлдарында Отбасы күні мен денсаулықты сақтау тақырыбына арналған бейнероликтер көрсетілді.

 

16.09.2025
Қараулар: 38
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz