Бас дәрігер Лилия Федотова СҚО ДСБ алқасына қатысты

"Уәлиханов аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігері Лилия Федотова Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының алқасына қатысты.
 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қаныш Бижановтың төрағалығымен өткен алқа отырысында бірінші жарты жылдықтың негізгі көрсеткіштері талқыланды. 
 
Денсаулық сақтау саласындағы басты көрсеткіштер қатарына туу, өлім, ана мен бала денсаулығы, қатерлі ісік пен жүрек-қан тамыр аурулары жатады. 
 
Жалпы халық арасындағы аурушаңдық мәселелері талқыланды. Осы орайда облыстағы көрсеткіштер былтырғымен салыстырғанда оң нәтижеге қол жеткізген. Атап айтқанда, акушерлік және гинекология, онкологиялық аурулар, нәресте өлімі және кардиохирургиялық қызмет көрсету салаларында.
 
Әр бағыт бойынша жалпы жағдайға талдау жасалды.
19.07.2024
Қараулар: 125
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz