14 мамыр, сәрсенбі — Уәлиханов аудандық ауруханасында өтіп жатқан Репродуктивті денсаулық апталығының үшінші күні. Бұл күн ерлер денсаулығына арналды.
Күннің басты мақсаты — ер адамдардың репродуктивті және жалпы денсаулығы туралы білім деңгейін арттыру, медициналық көмекке жүгінуге байланысты қалыптасқан стереотиптер мен стигмаларды жою және денсаулыққа деген жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап өту.
Іс-шара аясында 47 ер адам скринингтен өтті. Сондай-ақ 87 оқушыны қамтыған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Ерлер арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғасады.
14.05.2025
Қараулар: 70
Қараулар: 70