Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ашық есік күні

Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары!

2024 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Уәлиханов аудандық ауруханасында Қарттар күніне орай қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету айлығы өткізілуде.

Осы іс-шара аясында 4, 11, 18 және 24 қазанда «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады, онда егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бірқатар медициналық қызметтерді ала алады, соның ішінде:

- жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауы;
- хирургтің қабылдауы;
- невропатологтың қабылдауы;
- акушер-гинекологтың қабылдауы;
- зертханалық зерттеулер;
- диагностикалық зерттеулер (ЭКГ, рентген).

Барлық ниет білдірушілерді шараға қатысуға және білікті медициналық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

01.10.2024
Қараулар: 227
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz