Бас дәрігер Лилия Федотова бастауыш сынып оқушыларының аналарымен кездесу өткізді

Уәлиханов аудандық ауруханасының бас дәрігері Лилия Федотова «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Кішкенекөл ауылындағы бастауыш сынып оқушыларының аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында балалар денсаулығының өзекті мәселелері және өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі талқыланды.

Лилия Мұратжанқызы заманауи диагностикалық және емдеу мүмкіндіктеріне тоқталып, сондай-ақ вакцинация тақырыбын жан-жақты ашып, оның бала денсаулығын сақтаудағы маңыздылығына тоқталды. Кездесуге қатысушылар МӘМС қорының жұмысы, оған жүкті әйелдердің қатысуы және балаларға стоматологиялық көмек көрсету шарттары туралы түсіндірме алды.

Ауданда перзентхана мен балалар стоматологиясын ашу, офтальмологты тарту қажеттігін талқылауға ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылардың әрқайсысы көкейтесті сұрақтарына жауап ала алды.

29.08.2024
Қараулар: 43
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz