Уәлиханов аудандық ауруханасының ұжымы ҚР Президентінің Жолдауын тыңдады

Уәлиханов аудандық ауруханасының ұжымы ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауын тыңдады. Мемлекет басшысы саланы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы дамыту тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті:

«Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Өкінішке қарай, шетелдердің мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікке қатысты озық тәжірибелері заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады.»

Мемлекет басшысы инвестиция орнына барабар тарифтер ұсынудың маңыздылығына тоқталып, Үкіметке денсаулық сақтау және білім беру салаларына мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жекелеген стандарттары мен ережелерін әзірлеуді тапсырды.

03.09.2024
Қараулар: 263
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz