Уәлиханов аудандық ауруханасының психоәлеуметтік көмек профилактикасы бөлімшесі Бидайық, Көбенсай және Қондыбай орта мектептерінің оқушыларына дәріс өткізді.
Іс-шараға 6-11 сынып оқушылары қатысты.
Дәріс барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
🔹 жасөспірімдердегі стресс – оның пайда болу себептері, денсаулық пен оқу үдерісіне әсері, эмоционалды күйді басқару әдістері және стресс жағдайларын болдырмау жолдары;
🔹 стоматологиялық аурулардың алдын алу – ауыз қуысының гигиенасын сақтаудың негізгі ережелері, тамақтанудың тіс саулығына әсері және стоматологқа тұрақты түрде барудың маңызы.
Дәрісті Қарибаев Берік Қосыманұлы жүргізді.
14.02.2025
Қараулар: 232
Қараулар: 232