Медбике Саниева Райгүл Табылдықызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды

Уәлиханов аудандық ауруханасының физиотерапиялық кабинетінің медбикесі Саниева Райгүл Табылдықызы Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Райгүл Табылдықызы ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жоғары біліктілік санатты маман. Осы жылдар ішінде ол бірнеше рет кәсібилігі мен адалдығы үшін мадақтамаларға ие болды. 2020 жылы еңбегі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының» РҚБ «Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Райгүл Табылдықызын шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, жаңа кәсіби табыстар мен сарқылмас қуат тілейміз!

29.10.2024
Қараулар: 72
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz