Бүгін біз МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібіне арналған жарияланымдар сериясын бастаймыз. «Кім төлеуі керек?», «Қанша төленеді?», «Жұмыс істемесем не болады?» деген сұрақтар жиі қойылады — алдағы күндері осының бәрін кезең-кезеңімен түсіндіреміз.
Алдымен МӘМС қоры қалай қалыптасатынын айтайық. Жүйе үш тараптың ай сайынғы төлемдері есебінен жұмыс істейді.
2025 жылғы мөлшерлемелер:
🔹Жұмыс беруші — жалақыдан 3%;
🔹Қызметкер — өз табысынан 2%;
🔹Мемлекет — 15 жеңілдік санаты үшін 2% (балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар тұлғалар және т.б.).
Осы жарналар медициналық көмектің кең көлемін барлық азаматтарға қолжетімді етеді.

14.11.2025
Қараулар: 39
Қараулар: 39












