«Еңбек жолы» конкурсы туралы

«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді.

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурс үш номинация бойынша өтеді:

  1. «Үздік еңбек әулеті» 
  2. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»
  3. «Өндірістің үздік жас маманы»

2019 жылы — «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинация бойынша Уәлиханов аудандық ауруханасының жалпы практика дәрігері — Шевченко Юлия Александровна қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Юлия Александровна жеңімпаз атанып, республикалық кезеңіне жолдама алды.

Республикалық кезеңде, Юлия, «Еңбек Жолы — 2019» республикалық конкурстың жеңімпазы атағын жеңіп алды.

«Еңбек жолы» конкурсы туралы«Еңбек жолы» конкурсы туралы

М.Тукебаева
Жұмыспен қамту секторының бас маманы 

05.12.2019
Қараулар: 3053
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz