8 қаңтарда Жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) Бидайық ауылына барып, жергілікті тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсетілді.
Сапар барысында келесі мамандар жұмыс істеді: терапевт, акушер-гинеколог, хирург, психолог және әлеуметтік қызметкер. Сонымен қатар, келесі жабдықтар пайдаланылды:
- Рентген аппараты;
- ЭКГ аппараты;
- Жылжымалы зертхана.
ЖМК қызметтерін ауылдың 101 тұрғыны пайдаланды.
Кешенге келген барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз және денсаулықты үнемі бақылаудың маңыздылығын еске саламыз!
13.01.2025
Қараулар: 41
Қараулар: 41