Жылжымалы медициналық кешен
Мортық ауылына барды

Уәлиханов аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені аудан ауылдарына жоспарлы сапарларын жалғастыруда. Кезекті қабылдау Мортык ауылында өтті.

Сапар барысында 68 ересек адам скринингтен өтті, сондай-ақ 81 бала медициналық тексеруден өтті. Тұрғындарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, әрі қарайғы бақылауға қатысты ұсыныстар берілді.

Скрининг өткізу ауруларды ерте кезеңінде анықтап, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қараған ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз.

03.04.2025
Қараулар: 72
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz