Жылжымалы медициналық кешен Өндіріс ауылына барды

Ауыл тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында Уәлиханов аудандық ауруханасының көшпелі медициналық кешені Өндіріс ауылына барып, жоспарлы қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында 33 ересек адам тексеруден өтті, оның ішінде 30 адам скринингтік тексеруден өтті. Сонымен қатар 84 балаға медициналық қарап-тексеру жүргізілді.

Көшпелі қабылдауға келесі мамандар қатысты:
🔹 Терапевт;
🔹 Акушерлік медбике;
🔹 Әлеуметтік қызметкер;
🔹 Фельдшер;
🔹 Тіс дәрігері;
🔹 Психолог.

Диагностикалық тексерулер жүргізу үшін УДЗ және ЭКГ аппараттары, сондай-ақ тиісті мамандар тартылды.

13.05.2025
Қараулар: 75
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz