Уәлиханов аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені аудан елді мекендерінде жұмысын жалғастыруда. Кезекті медициналық көмек көрсету үшін Жас Ұлан ауылына барды.
Скринингтен 30 ересек адам өтті, 42 бала мамандардың тексеруінен өтті.
Қабылдауды келесі мамандар жүргізді:
🔹 терапевт;
🔹 хирург;
🔹 гинеколог;
🔹 психолог.
Диагностика үшін УДЗ және ЭКГ қолданылды, сондай-ақ жылжымалы зертхана жұмыс істеді.
Тұрақты медициналық тексерулер ауруларды ерте анықтауға және уақытылы шаралар қабылдауға көмектеседі. Денсаулығыңызды күтіңіз және профилактикалық тексерулерді кейінге қалдырмаңыз!
14.03.2025
Қараулар: 111
Қараулар: 111