Уәлиханов аудандық ауруханасы аудандық өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізіп, оның барысында суицидтің алдын алу, денсаулық жағдайын бақылау және скринингтік тексерулердің маңыздылығы талқыланды.
Психолог Қарибаев Берік Қосманұлы «Суицидтің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, қауіпті факторлар, дабыл белгілерін тану және психологиялық қолдау әдістері туралы баяндады.
Жалпы практика дәрігері Хасенов Наурызбай Жолымбетович қан қысымын өлшеу бойынша шеберлік сағатын өткізіп, өлшеуді дұрыс жүргізу тәсілдері мен қандай көрсеткіштер ерекше назар аударуды қажет ететінін түсіндірді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу жөніндегі медбике Сакенова Махаббат Хайргелдиевна ерте диагностиканың маңыздылығын айтып, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерін скринингтік тексеруден өтуге шақырды.
Қараулар: 123