Облыстық мамандардың кеңесін қашықтықтан алыңыз!

Облыстық мамандардың кеңесін қашықтықтан алыңыз!

Уәлиханов аудандық ауруханасында телемедициналық кешен іске қосылған, ол пациенттерге Солтүстік Қазақстан облысының мамандарынан қашықтықтан медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.  

Телемедицина диагностикалау және кеңес беру процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Кешен келесі заманауи жабдықтармен жабдықталған:  

🔹 Жүректі зерттеуге арналған ЭКГ аппараты;  

🔹 Ішкі ағзаларды жан-жақты тексеруге арналған ультрадыбыстық сканер;  

🔹 Терi ауруларын анықтауға арналған дерматоскоп;  

🔹 ЛОР мүшелерін тексеруге арналған қол камерасы және отоскоп;  

🔹 Тыныс алу және жүрек соғысын тыңдауға арналған электронды стетоскоп.  

 

Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Қашықтықтан кеңес алуға жазылу үшін Уәлиханов аудандық ауруханасына хабарласыңыз.

31.01.2025
Қараулар: 225
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz