28 мамыр күні Уәлиханов аудандық ауруханасының балалар консультациясында алдағы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні өтеді.
Сағат 11:00-ден бастап ата-аналарды балаларымен бірге балалар консультациясына келіп, мамандардың кеңесін алуға шақырамыз. Қабылдауды стоматолог, психолог, ЛОР дәрігері және педиатр жүргізеді.
Сондай-ақ бұл күні балалар консультациясына «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушілері қонаққа шақырылып, олар үшін экскурсия және медицина мамандарының жұмысымен таныстыру ұйымдастырылады.
Сіздерді қуана қарсы аламыз! Балалардың денсаулығын бірге қорғайық.

27.05.2026
Қараулар: 20
Қараулар: 20












