"Күншуақ" және "Балдәурен" балабақшаларында екі мастер-класс өткіздік.
Педиатр Асем Жудурукова тәрбиешілер мен медбикелерге пайдалы білімдерімен және дағдыларымен бөлісті. 
Мастер-класта келесі мәселелер талқыланды:
- Балалардың денсаулық жағдайын дұрыс бағалау;
 - Жедел медициналық көмек көрсету;
 - Тыныс алу жүйесі ауруларының дифференциалды диагностикасы;
 - Сіңір түйілу кезінде алғашқы көмек көрсету;
 - Жүйке жүйесінің аурулары;
 - Жұқпалы аурулар.
 
Дәрістер көрнекі материалдар мен симуляторларды қолдану арқылы интерактивті түрде өтті.

26.07.2024
Қараулар: 422
	Қараулар: 422
				











