2025 жылғы 18 желтоқсанда Уәлиханов аудандық ауруханасында медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаторияларда еңбек ететін медицина қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы қызметті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселелеріне арналды.
Семинар барысында қатысушыларға 2025 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері таныстырылды. Қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының көрсеткіштері қаралып, бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларына ерекше назар аударылды. Оның ішінде медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту, халықпен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және ауданда мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін одан әрі дамыту шаралары қамтылды.

Қараулар: 35












