Обыр — үкім емес!

Онкологиялық ауруларды ерте анықтау сәтті емделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады 🔬

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберіне кіреді. Бұл әрбір азаматтың, МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, онкологиялық ауруларды тегін емдеуге құқығы бар екенін білдіреді.

Егер пациентте онкологиялық немесе гематологиялық ауруға күдік туындаса, емханаларда “Жасыл дәліз” маршруты енгізілген. Бұл пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде кеңес алып, қажетті тексерулерден өтуге мүмкіндік береді.

Ауруларды уақытында анықтау үшін үш тегін онкоскрининг түрі қолжетімді:
🔹 Сүт безінің қатерлі ісігі – 40-70 жас аралығындағы әйелдер үшін (әр 2 жыл сайын);
🔹 Жатыр мойны қатерлі ісігі – 30-70 жас аралығындағы әйелдер үшін (әр 4 жыл сайын);
🔹 Колоректальды қатерлі ісік – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер үшін (әр 2 жыл сайын).

Онкологтар қазақстандықтарды емханаларда онкоскринингтен тұрақты түрде өтуге шақырады. Бұл қауіпсіз, тегін және өміріңізді сақтап қалуға көмектесуі мүмкін.

04.02.2025
Қараулар: 252
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz