СҚО ДСБ-ның орфандық аурулары бар науқастармен және олардың ата-аналарымен кездесуі өтті

19 шілде күні «Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің бейнеконференция форматында орфандық аурулары бар науқастармен және олардың ата-аналарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, науқастар мен олардың отбасыларының негізгі қажеттіліктері анықталды. 

Уәлиханов аудандық ауруханасынан орфандық дертке шалдыққан баланың анасына кеңес беруге ерекше назар аударылды. ДСБ мамандары анаға да, дәрігерлерге де баланы емдеудің әрі қарайғы тактикасы бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, медициналық мекемелер мен науқастар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартудың ықтимал жолдары, сондай-ақ орфандық аурулары бар адамдарды қолдаудың жаңа бағдарламаларын енгізу перспективалары талқыланды.

Алдағы уақытта мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарлануда, бұл бізге пайда болған мәселелерге жедел ден қоюға және науқастардың өмір сүру сапасын жақсартудың тиімді шешімдерін табуға мүмкіндік береді.

19.07.2024
Қараулар: 126
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz