2026 жылғы 13 наурызда Уәлиханов аудандық ауруханасының емханасында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Кездесу барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ осы саладағы қызметті жетілдіру және заңнаманы жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу шаралары туралы ақпарат берілді.
Семинарға қатысушыларға 2026 жылдың 1-тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері таныстырылып, 2026 жылдың 2-тоқсанына арналған жұмыс жоспары белгіленді.
Сондай-ақ пациенттерді емханаға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыруды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау және олардың бұзылуына жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Қараулар: 53












