Уәлиханов ауданының жалпы білім беретін мекемелерінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша практикалық семинарлар өткізілді. Іс-шаралар оқушылардың төтенше жағдайларда әрекет етуге қажетті базалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Семинар тақырыптары:
🔹 бас жарақаты;
🔹 есінен тану;
🔹 қол сүйектерінің сынуы;
🔹 сыртқы қан кету;
🔹 жүрек — өкпе реанимациясы (ЖӨР).
Оқыту практикалық түрде өтті: оқушылар таңғыш салуды, қол-аяқты бекітуді, қан тоқтатуды және ЖӨР негізгі тәсілдерін үйренді.
Семинарларға 1–11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Жалпы қамтылған оқушылар саны — 144.
Семинарлар өткен мектептер:
1. Көбенсай орта мектебі;
2. Телжан орта мектебі;
3. Кішкенекөл №2 орта мектебі;
4. Кішкенекөл №3 мектеп-гимназиясы;
5. Қарашілік орта мектебі;
6. Көктерек орта мектебі;
7. Бидайық орта мектебі.
Қараулар: 12