Халықты тұмауға қарсы егу бойынша жыл сайынғы науқан басталды

2024 жылдың 1 қазанында Уәлиханов аудандық ауруханасында халықты тұмауға қарсы егу бойынша жыл сайынғы науқан басталды 

Тегін вакцинация келесі санаттарға беріледі:
  • медицина қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер;
  • мектеп жасындағы балалар мен диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • 60 жастан асқан тұлғалар;
  • эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жұқтыру қаупі жоғары азаматтар;
  • жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар науқастар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерден қызмет алушылар.

Науқан қазан айының соңына дейін жалғасады.

Біз осы санаттарға жататындардың барлығын өз денсаулығына қамқорлық жасап, вакцинаны алуға келуге шақырамыз.
 
 
10.10.2024
Қараулар: 121
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz