Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды!

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды!

"Уәлиханов аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-ға екі жолмен тіркелуге болады:

1. Барлығына арналған әдіс — eGOV порталы/қосымшасы арқылы;
 
​​​​​​​2. Халықтың жекелеген санаттары үшін — өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатпен емханаға жүгіну. Бұл әдіс зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаға тағайындалған қорғаншыларға, патронаттық тәрбиешілерге, жазасын колонияларда өтеп жатқан сотталғандарға, студенттерге, мерзімді әскери қызметтегілерге, шетелде туған балаларға, және бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтін адамдар үшін қолжетімді.

Науқанның ұзақтығы: 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін. Өтінішіңізді жібергеннен кейін сіз таңдалған емханаға 2025 жылдың қаңтарында автоматты түрде тіркелетін боласыз.

Құрметпен,
Уәлиханов аудандық ауруханасы
 
16.09.2024
Қараулар: 303
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz