Уәлиханов аудандық ауруханасында жүктілікті жоспарлаудың маңызды аспектілеріне арналған іс-шара өтті. Акушер-гинеколог Гүлмира Бердалиева жүктілікке дейінгі дайындық, ерте жүктіліктің алдын алу және отбасын саналы жоспарлау тақырыптарында пікірталас өткізді.
Кездесу барысында жүктілікке дайындық, жүктілікке дейін әйелдердің денсаулығын сақтау, дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы негізгі мәселелер талқыланды.
Іс-шара қатысушыларға сау ана болуды және дені сау балалардың туылуын қамтамасыз етуге бағытталған құнды білім мен ұсыныстарды алуға мүмкіндік берді.
21.08.2024
Қараулар: 70
Қараулар: 70