5 наурыз күні Уәлиханов аудандық ауруханасының қызметкерлері Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында келушілер мен пациенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында медицина қызметкерлері ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру әңгімелерін өткізді. Онда туберкулездің алдын алу шаралары, жұғу жолдары және флюорографиялық тексеруден уақтылы өтудің маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар туберкулезді ерте анықтау мәселелеріне және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

18.03.2026
Қараулар: 40
Қараулар: 40












