Уәлиханов аудандық №2 орта мектепте «Өміріңді басқар» тақырыбында брифинг өтті. Оған Кішкенекөл №1 орта мектебі, Кішкенекөл №2 орта мектебі және Кішкенекөл гимназия мектебінің оқушылары қатысты.
Уәлиханов аудандық ауруханасының мамандары да шараға қатысып, жасөспірімдердің денсаулығына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті.
🔹 Психолог Қарибаев Берік Қосыманұлы жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез — құлықтың алдын алу тақырыбында баяндама жасап, психологиялық аспектілер, қауіп факторлары және қолдау көрсету әдістері туралы айтты.
🔹 Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі медбике Сакенова Махаббат Хайргелдиевна жасөспірімдердің салауатты өмір салты туралы дәріс оқып, дұрыс тамақтанудың, дене белсенділігінің және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығын түсіндірді.
Сіздерді де өзіңіздің физикалық және психологиялық денсаулығыңызға көңіл бөлуге шақырамыз. Өзіңізге қамқорлық жасау – табысты болашаққа бастайтын маңызды қадам!
Қараулар: 96