Мен өзімнің жеке блогымда Сізді қарсы алуға қуаныштымын!
Блогтың негізгі мақсаты Сізбен тікелей байланыс орнату, уақтылы көмек көрсету, сондай-ақ қажетті ақпаратты ұсыну болып табылады. Бұл интерактивті ресурс жалпы денсаулық сақтауды дамыту және біздің ұйым қызметкерлерінің сапалы медициналық қызмет көрсетуі мәселелерін кеңінен талқылау, сондай-ақ Сізбен ашық диалог жүргізу үшін жақсы алаң болады деп үміттенемін. Мен және менің әріптестерім, мүмкіндігінше, сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз.
Құрметпен, «СҚО әкімдігінің ДС басқармасы КММ
Уәлиханов АА-ның» директорының м. а.
Федотова Лилия Мұратжанқызы
Лилия Мұратжанқызы Федотова – Уәлиханов аудандық ауруханасының директорының м.а.
Федотова Лилия Мұратжанқызы, 1981 жылы 12 қаңтарда туған.
Білімі:
2002-2009 жылдар аралығында Қарағанды медициналық академиясында педиатр мамандығы бойынша оқыды.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2009 жылы Петропавл қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қалалық балалар емханасында педиатр болып бастады.
2011-2017 жылдар аралығында қалалық балалар емханасында бас дәрігердің жедел жәрдем ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.2017 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін «Балалар үйі» КММ бас дәрігері қызметіне ауыстырылды,
2022 жылдың 1 ақпанынан қазіргі уақытқа дейін – «СҚО әкімдігінің ДС басқармасы КММ Уәлиханов АА-ның» директорының м.а.
Үйленген. Екі баласы бар.