6 маусым күні А. Қазымбетов атындағы стадионында медицина қызметкерлері күні мен «Нашақорлыққа жол жоқ!» айлығы аясында спартакиада өткіздік.
Басты кейіпкерлер — Уәлиханов аудандық ауруханасының қызметкерлері. Жеті команда, бір мақсат, шынайы қолдау мен көтеріңкі көңіл-күй!
🏆 1 орын — «Жүрек» командасы (поликлиника) — лайықты жеңіс және 30 000 теңге;
🥈 2 орын — «Баланс» командасы (әкімшілік) — ұтымды ойын, 20 000 теңге;
🥉 3 орын — «Комета» командасы (жүргізушілер) — жылдамдық пен үйлесім, 15 000 теңге.
Қалған 4 команда қатысқаны үшін арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл шара жай ғана спорттық жарыс емес, бірлік пен сыйластықтың жарқын көрінісі болды. Осындай кездесулер ұжымды жақындастырып, ортақ құндылықтарды ұғынуға көмектеседі.
09.06.2025
Қараулар: 28
Қараулар: 28