Кішкенекөл орта мектептері №1 және №2 педагогикалық ұжымы мен медицина қызметкерлеріне арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – мектептердің маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңіне дайындығын күшейту.
№1 орта мектепте спикер ретінде МСАК бойынша орынбасар Ақбота Нұрмағанбетқызы Елмағанова сөз сөйлеп, симптомдар анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмін, уақтылы әрекет ету шараларын және оқушылар арасындағы алдын алу ережелерін жан-жақты түсіндірді.
№2 мектепте кездесуді эпидемиолог дәрігер Әльмира Бақытқызы Ғаббасова жүргізді. Қатысушыларға ауру белгілерін ерте анықтау, симптомдары бар оқушыларды оқшаулау, сондай-ақ маусымдық инфекциялардың мектеп ұжымдарында таралуын болдырмау жөнінде ұсыныстар берілді.

21.11.2025
Қараулар: 32
Қараулар: 32












