Скринингтік зерттеулер — денсаулығына шағымы жоқ адамдарға жүргізілетін медициналық тексерулер. Негізгі мақсаты — ауруларды ерте кезеңде анықтау, олардың асқынуының, соның ішінде онкологиялық дерттердің алдын алу.
Скринингтер қоғамдық денсаулықты қорғауға бағытталған және тексеру түріне қарай ГОБМП және МӘМС аясында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, скринингтерден өту — азаматтардың міндеті. Жұмыс берушілер медициналық тексеруден өтуге жағдай жасауға, соның ішінде медициналық ұйымға бару үшін уақыт бөлуге міндетті.
Ауруларды ерте анықтау емді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді және бірқатар жағдайда адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

26.12.2025
Қараулар: 66
Қараулар: 66












