Уәлиханов аудандық ауруханасында Медицина қызметкері күні аталып өтті

Уәлиханов аудандық ауруханасында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында қызметкерлерге адал еңбегі, мамандығына деген жауапкершілігі және ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ мереке қарсаңында аурухана мен ауылдық медициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысқан «Үздік медицина қызметкері» байқауы ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

🥇 I орын — хирургия бөлімшесінің мейіргері Анар Ерғазина;

🥈 II орын — Көктерек ауылы медициналық пунктінің мейіргері Гүлжан Хасенова;

🥉 III орынды процедуралық кабинет мейіргері Толғанай Қасқатаева мен фармацевт Ару Исенова бөлісті.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен және кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс, алғысқа толы күндер мен жаңа жетістіктер тілейміз.

 

19.06.2026
Қараулар: 33
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz