Уәлиханов аудандық ауруханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні кішкентай пациенттерді педиатр, стоматолог, психолог және ЛОР дәрігері қабылдады. Мамандардың кеңесін 40 бала алды.
Сонымен қатар «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін балалар консультациясына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалар егу кабинетін аралап, медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты және балалар консультациясының қызметі туралы мағлұмат алды.
Сондай-ақ балаларға ойын түрінде алғашқы көмек көрсету негіздері көрсетіліп, денсаулықты сақтаудың маңызы түсіндірілді.

01.06.2026
Қараулар: 9
Қараулар: 9












