Ауылдық фельдшерлер мен жалпы тәжірибелі дәрігерлерге арналған бруцеллездің алдын алу жөніндегі семинар өтті

Уәлиханов аудандық ауруханасында ауылдық фельдшерлер мен учаскелік жалпы практика дәрігерлеріне арналған бруцеллездің алдын алу, ерте анықтау және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу мәселелеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында аурудың клиникалық белгілері, инфекцияның жұғу жолдары, диагностика, емдеу және алдын алудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі қарастырылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қолданыстағы санитариялық қағидалар мен бруцеллезді диагностикалау және емдеу жөніндегі клиникалық хаттама талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.

Семинарды дәрігер-эпидемиолог Ғаббасова Альмира Бақытқызы өткізді. Ол қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, бруцеллез жағдайлары анықталған кезде медицина қызметкерлерінің атқаратын жұмысының практикалық қырларын түсіндірді.

 

31.07.2026
Қараулар: 42
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz