8 наурыз қарсаңында ауданның денсаулық сақтау саласының қызметкерлері грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды

Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кездесу аясында Уәлиханов ауданының денсаулық сақтау саласында еңбек ететін қызметкерлер құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.

Уәлиханов ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  • Функционалдық диагностика дәрігері Баишева Қарлығаш Асқарқызы;
  • Терапевт дәрігер Нұрғожина Айжан Аязбекқызы;
  • Терапия бөлімшесінің аға мейіргері Қабжанова Үміт Суннатқызы.

Уәлиханов ауданы әкімінің Алғыс хатымен Бидайық дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Ералина Софья Темірханқызы марапатталды.

Сондай-ақ облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасына Бидайық дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Қарқошева Жазира Масғұтқызы ие болды.

Құрметті әріптестер, шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, шабыт, жаңа кәсіби жетістіктер мен жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа, әріптестеріңіздің құрметіне және халықтың алғысына толы болсын.

06.03.2026
Қараулар: 3
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz