Елтай орта мектебінде оқушыларға арналған ақпараттық дәрістер өтті

Уәлиханов аудандық ауруханасының психоәлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі Елтай орта мектебінің 6–11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәрістер өткізді.

Сабақтар екі өзекті тақырып бойынша ұйымдастырылды: «Жасөспірімдер арасындағы стресстің алдын алу» және «Мектеп оқушыларының стоматологиялық ауруларының профилактикасы».

Кездесу барысында оқушыларға жасөспірім шақта стресс жағдайларының пайда болу себептері, олардың алдын алу жолдары және дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар ауыз қуысының денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау ережелері, кариес пен басқа да тіс ауруларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дәрістерді психолог Кәрібаев Берік Қосыманович жүргізді.

08.04.2026
Қараулар: 7
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz