МӘМС жарналарын қалай дұрыс төлеу керек

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын төлеу тәсілі төлеушінің санатына байланысты. Жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жарналар мен аударымдарды жұмыс беруші жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарын белгіленген мөлшерде өздері төлейді. Ресми табысы жоқ дербес төлеушілер әр ай үшін жарнаны ай сайын бөлек төлеп, төлем кезеңін міндетті түрде көрсетуі қажет.

МӘМС жарналарын екінші деңгейлі кез келген банк арқылы, банктердің мобильді қосымшаларында, жедел төлем терминалдарында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелерінде төлеуге болады. Төлем жасағанда ЖСН-нің, төленетін ай мен жылдың, сондай-ақ төлем тағайындау кодының дұрыс көрсетілуі маңызды. Дербес төлеушілер үшін төлем коды — 122.

Төлемдердің түсуін және сақтандырылу мәртебесін eGov.kz порталы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, SaqtandyruBot Telegram-боты және банктердің сервистері арқылы тексеруге болады.

 

26.12.2025
Қараулар: 70
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz