Скринингтер қалай өтеді: кезеңдері және кейінгі іс-шаралар

Скринингтік тексерулер үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, тексеру кезеңі және қорытынды кезең.

Дайындық кезеңінде медициналық мейірбике тексеруден өтетін азаматтардың тізімін қалыптастырады, пациенттерді хабардар етеді, тексеруге шақырады және скринингтен өтуін бақылайды.

Тексеру кезеңінде дәрігерлер мен мейірбикелердің қабылдауы, зертханалық және диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Тексеру түрі скринингтің бағытына байланысты болады.

Қорытынды кезеңде анықталған патология болған жағдайда қосымша тексерулер жүргізіліп, пациент динамикалық бақылауға алынады. Нәтижелер медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі, ал пациентке әрі қарай бақылау немесе ем алу бойынша ұсыныстар беріледі.

 

26.12.2025
Қараулар: 69
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz