Сізге ыңғайлы болу үшін Damumed мобильді қосымшасы немесе dmed.kz сайты арқылы учаскелік дәрігерге жазылу тәртібін түсіндіреміз.
1️⃣ Қол жеткізу және авторизация:
1) App Store немесе Google Play-ден Damumed қосымшасын жүктеңіз, не болмаса dmed.kz сайтына кіріңіз;
2) Жүйеге кіру үшін ЖСН және SMS арқылы келген кодты енгізіңіз;
3) Егер сервиске алғаш рет кірсеңіз — тіркеліңіз;
4) Қосымшаның барлық функцияларын пайдалану үшін профильді растаңыз.
2️⃣ Дәрігерді таңдау және жазылу:
1) Басты беттен «Учаскелік дәрігер» бөлімін немесе «Дәрігер қабылдауына жазылу» қызметін таңдаңыз;
2) Өз учаскеңізге бекітілген дәрігерді таңдаңыз;
3) Қолайлы күн мен уақытты белгілеңіз;
4) «Жазылу» батырмасын басып, жазбаны растаңыз.
Дайын! Сіз сәтті түрде қабылдауға жазылдыңыз ✅

Қараулар: 35












