Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, 26 мамыр күні, Уәлиханов аудандық ауруханасында «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Кішкентай қонақтар балалық шақ, мейірімділік пен бейбітшілік тақырыбына арналған сурет салу байқауына қатысып, өлең оқыды. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын әсер алды.

01.06.2026
Қараулар: 7
Қараулар: 7












