Бүгін біз маңызды бір тақырыпқа арналған жарияланымдар сериясын бастаймыз — МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі. Біз жиі «Кім төлеуі керек?», «Қанша төленеді?», «Егер мен жұмыс істемесем ше?» деген сұрақтарды естиміз. Алдағы күндері осы сұрақтардың бәріне жан-жақты жауап береміз.
Алдымен МӘМС қоры қалай қалыптасатыны туралы айтып өтейік. Жүйе бірнеше төлеуші санатының ай сайынғы төлемдері есебінен жұмыс істейді.
2026 жылғы МӘМС бойынша негізгі мөлшерлемелер мен сомалар (ЕТЖ — 85 000 теңге):
🔹 Жұмыс берушілер — еңбекақы төлеу қорынан 3% (ең көбі 102 000 теңге, себебі шекті мөлшер 40 ЕТЖ);
🔹 Қызметкерлер — табыстан 2% (ең көбі 34 000 теңге, шекті мөлшер 20 ЕТЖ);
🔹 Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар — 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы, яғни айына 5 950 теңге;
🔹 Өз бетінше төлеушілер — 1 ЕТЖ-ның 5%-ы, яғни айына 4 250 теңге;
🔹 Азаматтық-құқықтық шарт (ГПХ) бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар — табыстан 2% (шекті мөлшер 20 ЕТЖ);
🔹 Бірыңғай төлем — еңбекақы қорынан 24,8%, оның ішінде 12,1%-ы — МӘМС аударымдары, 8,1%-ы — МӘМС жарналары.
Осы жарналардың арқасында әрбір қазақстандық толық көлемде медициналық көмек ала алады.

Қараулар: 107












