Кіші медициналық персоналға оқыту және қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізілді

Уәлиханов аудандық ауруханасында кіші медициналық қызметкерлермен білім деңгейін арттыруға және кәсіби талаптарды сақтауына бағытталған кездесу өтті.

Дәрігер-эпидемиолог Ғаббасова Әлмира Бақытқызы санитарлық-гигиеналық минимум бойынша оқыту жүргізіп, санитарлық нормаларды сақтау мен жұқпалы аурулардың алдын алу талаптарын түсіндірді.

Бас мейіргер Охмат Марина Владимировна қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізіп, медициналық ұйымдағы жұмыс ережелері мен өндірістік тәуекелдердің алдын алу шараларына тоқталды.

23.04.2026
Қараулар: 1
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz