Скринингтердің негізгі түрлері және өткізу мерзімділігі

Қазақстанда келесі скринингтік зерттеулер қарастырылған:

🔹 Қауіп факторларын ерте анықтауға арналған скрининг

30–70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер — 4 жылда 1 рет. Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), қант диабеті, глаукома, онкологиялық аурулар анықталады.

🔹 Артериялық гипертонияны, ЖИА мен қант диабетін ерте анықтау

40–70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер — 2 жылда 1 рет.

🔹 Глаукоманы ерте анықтау

40–70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер — 2 жылда 1 рет.

🔹 Жатыр мойны обырын ерте анықтау

30–70 жас аралығындағы әйелдер — 4 жылда 1 рет.

🔹 Сүт безі обырын ерте анықтау

40–70 жас аралығындағы әйелдер — 2 жылда 1 рет.

🔹 Тік ішек пен тоқ ішек обырын (колоректалды қатерлі ісік) ерте анықтау

50–70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер — 2 жылда 1 рет.

🔹 В және С вирустық гепатиттерін анықтау

Қауіп тобына кіретін адамдар арасында жүргізіледі. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, операция жасалатын науқастар, жүкті әйелдер және басқа да санаттар бар. Өткізу жиілігі — 6 айда 1 реттен жиі емес.

 

26.12.2025
Қараулар: 122
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz