Ертең, 13 қараша күні Жылжымалы медициналық кешен Телжан ауылына профилактикалық тексерулер мен диспансерлеу өткізу үшін жолға шығады.
Келуші топ терапевт, хирург, акушер-гинеколог және рентген-зертханашыдан тұрады. Автобус УДЗ, ЭКГ және рентген аппараттарымен жабдықталған, бұл барлық қажетті сараптамаларды орнында жүргізуге мүмкіндік береді.
Телжан ауылының тұрғындарын мүмкіндігінше медициналық тексеруден өтіп, мамандардан кеңес алуға шақырамыз. Өз денсаулығыңызды сақтаңыз және дәрігерлерге баруды кейінге қалдырмаңыз!
12.11.2024
Қараулар: 46
Қараулар: 46