Құрметті ардагерлер мен қадірлі қарттар!
Уәлиханов аудандық ауруханасының ұжымы сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздер — өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір, өмір мектебінің ұлағатты ұстаздарысыздар. Елге сіңірген еңбектеріңіз, ақыл-парасатыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз — кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес өнеге.
Әр күніңіз қуаныш пен тыныштыққа толы болып, деніңіз сау, жүрегіңіз жас қалсын. Қамқорлық пен құрмет, мейірім мен сүйіспеншілік әрдайым жан серігіңіз болсын.
Ізгі тілекпен, Уәлиханов аудандық ауруханасының ұжымы
08.10.2025
Қараулар: 44
Қараулар: 44